Абай облысында учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлар арасындағы байқаудың қорытындысы шығарылды

Абай облысында учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлар арасындағы байқаудың қорытындысы шығарылды

Абай облысында учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлар арасындағы байқаудың қорытындысы шығарылды

Жергілікті полиция қызметінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында Абай облысы Полиция департаменті «Ең үздік маман» кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастырды. Байқау екі номинация бойынша өтті: «Ең үздік учаскелік инспектор» және «Ең үздік кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор».

Байқауға аудандық деңгейде іріктеліп, 20 үздік полиция қызметкері қатысты. Қатысушылар бірнеше сынақтан өтті, олардың ішінде эссе жазу, нормативтік-құқықтық актілерді білу бойынша тестілеу, алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ қызметтік, физикалық және атыс дайындығының деңгейін тексеру болды.

Байқау комиссиясының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

«Ең үздік учаскелік инспектор» номинациясында үшінші орынды Мақаншы ауданының учаскелік инспекторы полиция майоры Ахмер Нұрбол Әмірғазыұлы, екінші орынды Семей қаласының Орталық ПБ учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Шакіров Аслан Бақтиярұлы, ал бірінші орынды Семей қаласының Затон ПБ учаскелік инспекторы полиция майоры Буланов Дастан Рамазанұлы иеленді.

«Ең үздік кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор» номинациясында үшінші орынды Көкпекті ауданының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Құдайберген Берік Советұлы, екінші орынды Семей қаласының Затон ПБ кәмелетке толмағандар ісі өніндегі учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Серікқалиев Медғат Серікқалиұлы, ал бірінші орынды Мақаншы ауданының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы полиция капитаны Бейсканов Дастан Шәріпханұлы жеңіп алды.

«Бұл байқауға қатысушылардың әрқайсысы — өз ісінің кәсіби маманы, өңірімізді барлық тұрғындар, әсіресе жастар үшін қауіпсіз етуге күш салушы. Біздің жеңімпаздар — полиция қызметінде өз жолын жаңа бастап келе жатқан жас мамандарға үлгі», — деп атап өтті Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаров.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DCYUL2btUaD/