Абай «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Абай «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.
21-23 қазан аралығында өткен жедел-пррофилактикалық іс-шарасы барысында өңір полициясы құқық бұзушылықтарды анықтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды.
Іс-шара барысында 905 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олардың ішінде 154 жағдайда алкогольдік ішімдіктерді ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде болу, 7 жағдайда көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару фактілері анықталды.
Барлық кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ювеналды полиция қызметкерлері түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз үйден тыс жүрген 72 кәмелетке толмаған баланы анықтады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу және тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін 15 ата-ана мен заңды өкілдерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Сондай-ақ, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 45 адамға айыппұл салынды. Учаскелік инспекторлар ішкі істер органдарында есепте тұрған 444 адамды тексерді.
Мұндай іс-шаралар қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, сондай-ақ Абай облысының азаматтарының қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.
https://www.instagram.com/abai_department_police/p/DBgiLIAN9V4/