Жаңа оқу жылына дайындық барысын Абай облысының ювеналды полиция қызметкерлері тексерді

Жаңа оқу жылына дайындық барысын Абай облысының ювеналды полиция қызметкерлері тексерді.
28 тамыз күні оқу қарсаңында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция қызметкерлері тұрмыс жағдайлары нашар отбасылардан шыққан балаларға, кейбір жағдайларда бұл ата-аналары алкогольді асыра пайдаланатын балаларды аралап қайтты.
Абай облысының аумағында «кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасы, заңды өкілі» санаты бойынша есепте барлығы 188 тұрмысы нашар отбасы тұр.
Полиция олардың киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алынғанын тексерді. Кішкентайлардың мектепке дайын екендігіне көз жеткізгеннен кейін, тәртіп сақшылары кешкі уақытта бірнеше қалалық кафелер мен компьютерлік салондарды да тексерді. Ол жерлерде тек ересектер ғана болған, ал мекемелердің бірінің әкімшісі мұнда жасөспірімдердің түнде оларға келмеуін қатаң қадағалайтынын жеткізді.
Бірақ бұзушылықтар бәрібір де табылды, полиция екі жасөспірімді 23.00-ден кейін көшеде мопед мініп жүрген жерлерінен ұстады. Орталық полиция бөлімне кәмелетке толмағандардың ата-аналары шақыртылды, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бір жолға ескерту жасалды. Кәмелетке толмағандарды түнде ата-анасының еріп жүруінсіз тағы да ұстаса айыппұл салынатын болады.
Кешкі уақытта бала қайда және кіммен жүреді, ата-аналардың барлығы қадағалай бермейді. Біздің заң балалардың көшеде заңды өкілдерінсіз болуын шектейді. Бірақ оны бәрі бірдей сақтай бермейді. Жасөспірімдердің ата-аналары кейде мұны түсіне бермейді. Егер бала үйге уақытында келмесе, уайымдаған әкелер мен аналар полицияның телефон желісіне жанұшыра қоңырау шалады, ал егер бірдеңе болған болса, ата-аналар оның қайда және не болып жатқанына алаңдамай бейқамдық танытқанына қарамай, бұл жағдайда тек полицияны кінәлі қылып жатады. Жасөспірімді бақылау керек, өйткені кейін ол қылмыстың объектісі де, субъектісі де болып табылуы әбден мүмкін, – дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Мөлдір Назынбекова.
Рейдтер жалғасады. Жыл басынан бері ғана Абай облысы бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралардың арқасында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2551 құқық бұзушылық, оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 77, балалардың түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 1430 құқық бұзушылық анықталды.