Полиция қызметкерлері терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс өткізді

Абай облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен, сондай-ақ Абай облысы бойынша Дін істері басқармасының өкілдерімен бірлесіп Семей қаласы Медициналық университеттің студенттерімен кездесті.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері діни экстремизмге қатысты профилактика, террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік қауіптің туындау жағдайындағы мінез-құлық ережелері туралы айтып берді.
Сондай-ақ, қатысушыларға терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін көзделген жауапкершілікке қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары түсіндірілді.
Терроризм актісі туралы жалған хабарлама деп шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер түсініледі. Жалған хабарлама әртүрлі нысандарда көрсетілуі мүмкін: ауызша, жазбаша, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен.