Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің алаңында Абай облысы Полиция департаменті жеке құрамының гарнизондық жиыны өткізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің алаңында Абай облысы Полиция департаменті жеке құрамының гарнизондық жиыны өткізілді.
Абай облысы Полиция департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы полиция полковнигі Ернар Мейрамбекұлы Базаров тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киім-кешектерін, қызметтік автокөліктердің жай-күйін тексерді. Жиынға 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты, олардың арасында Полиция департаменті бастығының алғыс хаттарымен қызмет өткеру кезінде ең белсенді және ерекшеленгендер марапатталды.
Гарнизондық жиыны барысында полицейлер мен әскери қызметшілерге Семей қаласы бойынша жедел жағдай, сондай-ақ бағдарлар жеткізілді.
Полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің гарнизондық жиыны әскери оркестрдің үнімен салтанатты шерумен аяқталды