Семейде полиция қызметкері қызды аңдығаннан құтқарып, пышақ жарақатын алды.

29 ақпанда түстен кейінгі уақытта, полицейлер 13 жасар қыздан белгісіз ер адам оны қуып жүргені туралы хабарлама алды. 102 операторына бойжеткен шығуға қорқып, дүкенде күтетінін айтты.
Дереу учаскелік полиция инспекторлары шақыруға жіберілді, олар супермаркеттің жанында күдікті адамды байқап, мән-жайларды анықтауға тырысты, бірақ жігіт қолында пышақ ұстап, тәртіп сақшыларына жүгіре бастады.
Учаскелік полицейлер ер адамның дүкеннен кетуі керек екенін түсінді, өйткені оның жолында адамдар пайда болуы мүмкін.
Агрессивті ер адамның назарын аудара отырып, полицейлер рациямен көмек сұрады, патрульдік полиция экипажы дереу оқиға орнына келді.
Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан кезде патрульдік полицей Асхат Ахатовқа пышақ жарақатын салған қылмыскер шабуыл жасады. Осыған қарамастан, жараланған қызметкер әріптестерімен бірге жекпе-жек әдістерін қолданып, қылмыскерді залалсыздандырды.
Басынан үш рет жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты полиция қызметкерінің өміріне қол сұғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.