Абай облысында қылмыстық іздестіру ардагерлері жедел уәкілдердің жас буынымен кездесті.

Абай облысы Полиция департаментінде ішкі істер органдарының еңбек сіңірген ардагерлері мен криминалдық полицияның жас қызметкерлерінің кездесуі өтті. Іс-шара Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бейбіт Мұратұлы Исаковтың, отставкадағы полиция подполковнигі ардагерлер кеңесінің төрағасы Раиса Смагуловна Косубаеваның төрағалығымен өтті.
«Қылмыстық іздеуді жақсы көру керек. Ашылған әрбір қылмыс кітап жазуға тең», - деп атап өтті Ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы милиция полковнигі Төлеуғали Сексенбаев.
Жас офицерлер қылмыстың ашылуы, қылмыстық іздестірудегі қызметтің қыр-сыры туралы әңгімелерді құлшыныспен тыңдады.
«Бойға сіңген кәсіби әдет ешқашан қалмайды. Қызметкерлер бойға сінген. Біздің жадымызда барлық жұмыс сәттері, әрбір қылмыс сақталады», - деп атап өтті Ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы полиция полковнигі Жетпісбай Ибраев.
Бұл кездесу қылмыстық іздеудің еңбек сіңірген ардагерлерін ондаған жыл бұрын жағымды және баға жетпес естеліктерге батырып қайтарды.
«Біз ішкі істер органдарының ардагерлеріміз, өз тарапымыздан кез келген уақытта полицейлердің жас буынына көмек көрсетуге, өз тәжірибемізбен бөлісуге, кеңес беруге дайынбыз», - деп атап өтті отставкадағы полиция полковнигі Зариф Фахриев.
Жас қызметкерлер жоғары дәрежелі қылмыстардың ашылуы туралы қуана тыңдады.
«Тәжірибелі ардагерлердің жас қызметкерлермен кездесуінің мұндай тәжірибесі патриоттық және кәсіби тәрбие бөлігінде жемісті болып табылады», - деп атап өтті полиция подполковнигі Бейбіт Исаков.