Абай облысының полиция қызметкерлері азаматтық қаруды тасымалдау ережелерін бұзуды анықтады

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында Бородулиха ауданының елді мекендерінің бірінде патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторлары 25 жастағы жүргізуші басқарған Mercedes көлігін тоқтатты.
Багаж бөліміндегі ер-азамат ИЖ-27 маркалы қаруды ашық негізде тасымалдаған.
Қаруды сақтауға рұқсаты бар болса да, оны тасымалдаудың заңмен белгіленген ережелері бұзылған.
Аңшылық қаруды иесіне және айналасындағыларға қауіпсіз ету үшін - мылтықты көліктің артқы орындығында, багаж бөлімінде кез келген киімге немесе матаға орап тасымалдауға болмайды. Қару арнайы қорабында болуы керек.
Бородулиха ауданының тұрғыны азаматтық қару айналымы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған баппен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу арқылы жауапкершілік қарастырылған.
Абай облысының полиция департаменті аң аулау кезінде, қаруды тікелей аңшылық алқаптарында ғана қорабынан шығаруды және бір орнынан екіншісіне ауысқанда, қару оқталған және қорабында болуы керектігін еске салады.