

Әкімшілік полиция – Ішкі істер министрлігінің басты бағыттарының бірі.
Функциялары:
1) Құқық бұзушылықтардың алдын алу;
2) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
3) Жол қозғалысын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау;
4) Азаматтық және қызметтік қару мен патрондардың айналымын мемлекеттік бақылау;
5) Әкімшілік жазаларды және басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау;
6) Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес;
7) Отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Әкімшілік айыппұлдың бар-жоғын «egov.kz» электрондық үкімет порталында qamqor.gov сайты арқылы тексеруге болады (бұзушылықтын фотосуретін көру мүмкіндігімен). Әкімшілік айыппұлды он-лайн режимде Kaspi.KZ, egov.kz, HandyPay, MyPay, Homebank.kz т.б. интернет-қосышаларында, сондай-ақ екінші деңгей банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерде төлеуге мүмкіндік бар.
Айппұлды жоғарыда аталған тәсілдермен төлеу кезінде төлеу туралы белгі автоматты режимде деректер жүйесіне түседі, бұл түбіртекті ішкі істер органдарына ұсыну қажеттілігін жоққа шығарды.
Сіз өздігіңізден әкімшілік айыппұлдың бар екендігін жасалған бұзушылықтың суретін қарауға мүмкіндігі бар Qamqor.gov.kz сайтында, egov.kz бірлескен қосымшаларда, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында тексере аласыз.
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы қаулысымен бекітілген Астана аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларына сәйкес көлік құралдарын коммуналдық ақылы автотұраққа (паркингке) орналастырғаны үшін ақы төлеу тәртібін Астана қ. әкімдігі айқындайды. Ақылы тұраққа (паркингке) көлік құралын қою төлемі, тек қана алдын-ала төлем (аванстық төлем) арқылы өндіріледі.
Өз кезегінде, тұраққа төлеудің әр түрлі төлем жолдарының болуынан мобильді қосымша арқылы төлеу мүмкіншілігінің болмауы, төлем жасамаудың негізі болмайды.