Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сыртқы сауда қызметі департаментінің Сауда келіссөздері басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 2023 жылдың 08 қазанға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

241078

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндетіні орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу.

Функционалды міндеттер

Сыртқы сауданы дамыту мәселелері жөнінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және өткізу бойынша ұсыныстарды өңдеуге қатысу. Мемлекеттің сыртқы сауда режимін талдау. Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын, Меморандумын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін қолданбалы зерттеулер өткізу үшін мемлекеттік сатып алу жоспарын, техникалық тапсырмаларды және спецификацияларды дайындауға және қолданбалы зерттеулерді орындау бойынша есептерді қабылдауға қатысу. Үшінші елдермен преференциалдық және еркін сауда туралы сауда келісімдерін әзірлеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.  

Халықаралық ұйымдар мен Шығыс-Азия және АТР өңірлер шеңберінде сыртқы сауда саласында екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалы материалдар мен баяндамаларды дайындау. Сыртқы сауданы жетілдіру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтіншітері мен ұсыныстарын қарау. Басқарма істер номенклатурасын жасау, құжаттарды есепке алу және сақтау, Министерлік мұрағатына оларды сақтауға бергенге дейін жағдайын және сақталуын бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.11.2022 – 07.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.11.2022

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38