Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті Интеграцияны дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа міндетті білім.
Функционалды міндеттер
Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп және өнеркәсіптік субсидиялар мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру және оларға материалдар дайындау, Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде берілетін және беруге жоспарланған субсидиялардың Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелеріне сәйкестігі туралы тексеру жүргізуге қатысу, Басқарма құзыреті мәселелері бойынша талдамалы материалдар, анықтамалар мен ақпараттарды дайындау, Басқарма басшысы айқындаған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.11.2022
- онлайн
-
8(7172)74-91-38