Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Цифрландыру, стратегия және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Математика және статистика
- Ветеринария
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Аспап жасау
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
Қосымша талаптар
-
- Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.
- Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік және бюджеттік кодекстерін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексін және «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті», «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
4. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау:
1) Комитет қызметінің процестерін, Комитеттің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық архитектурасын цифрландыру;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау;
4) Комитеттің ақпараттық жүйелерін енгізу және сүйемелдеу;
5) есепті қалыптастыру және стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаттарына негізделеді.
6) Техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және аккредиттеу, мемлекеттік бақылау саласындағы ұлттық жобаларды, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, стратегиялық және кешенді жоспарларды іске асыру бойынша ақпаратты қалыптастыру;
7) Комитеттің жұмыс жоспарын қалыптастыру және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
8) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттарын іске асыру жөніндегі ақпаратты дайындауды және қалыптастыруды жүзеге асыру қағидаттарына негізделеді;
9) Комитеттің жиынтық-талдау жұмысын және мониторингін жүзеге асыру.
10) Қазақстан Республикасында техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат құжаттарын беру.
11) Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және рұқсат беру құжаттарын беру;
12) көрсетілген мемлекеттік қызметтер мен рұқсат беру құжаттарының мониторингі;
13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бөлігінде «Е-лицензиялау «Мемлекеттік Деректер қоры» ақпараттық жүйесі бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын техникалық талаптардың ерекшеліктерін әзірлеу;
14) мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат құжаттарын беру мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.11.2022
- онлайн
-
8(7172)74-91-38