Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Персоналмен жұмыс істеу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, еңбек заңнамасын білу.

Функционалды міндеттер

Жеке құрам және еңбек шарттары бойынша бұйрықтарды ресімдеу; ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісуге басшы құрам лауазымына тағайындауды жібереді. Мемлекеттік қызметшілердің шектеулерді қабылдауын жазбаша түрде белгілейді. Министрлік қызметкерлерін ҚР мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексімен таныстыру. ҚР МҚІСҚА-ге тоқсан сайынғы статистикалық есепті дайындау. Жауапты хатшының қызметі туралы ай сайынғы және тоқсан сайынғы есепті ҚР Президенті әкімшілігіне ұсыну. Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы бойынша салтанатты іс-шара өткізуді ұйымдастыру. Басқарма жұмысы бойынша ақпараттық, талдамалық және анықтамалық материалдарды жедел ұсыну. Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін қалыптастыру; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыру; арнайы тексеру жүргізу үшін қызметкерлердің құжаттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жіберу. Мемлекеттік қызмет еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Іссапарлар бойынша бұйрықтарды ресімдеу және іссапар куәліктерін беру. Грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттау бойынша бұйрықтарды ресімдеу. Қызметкерлерді салалық наградалармен марапаттау бойынша материалдар дайындау. Мемлекеттік қызметшілердің табысы туралы декларация тапсыруды ұйымдастырады. Қызметтік куәліктерді ресімдеу. Мұрағатқа құжаттарды ресімдейді; Министрлік қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерулер жүргізуді ұйымдастырады; өз құзыреті шегінде Министрліктің қызметкерлеріне кадр мәселелері бойынша кеңес береді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.09.2022 – 03.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

10.10.2022

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

87172749138