Стратегия департаменті Стратегия басқармасының басшысы, С-3 санаты (1 бірлік) (негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 30.06.2023 жылға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

379198

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Қаржы
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; Министрліктің стратегиялық даму мәселелерін үйлестіру; Министрліктің тиісті кезеңге арналған Стратегиялық жоспарын, Операциялық жоспар мен Меморандумды қалыптастыру және мониторингілеу, әлеуметтік – экономикалық даму бойынша талдамалық материалдарды қалыптастыру; статистикалық деректерді қалыптастыру және өңдеу; Министрліктің Стратегиялық жоспарының тиімділігін бағалау мониторингі; Басқарма құзыретіне кіретін Министрдің сөздеріне баяндамаларды, талдамалық есептерді, ақпараттық, презентациялық және өзге де материалдарды дайындау; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау; Министрлік басшылығының бақылаудағы тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін басқарма қызметкерлері арасында тапсырмаларды үйлестіру; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге материалдар дайындау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттар жобаларын дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.09.2022 – 22.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.09.2022

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38