ҚР СИМ, Сауда комитеті Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

272457

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқық және экономика негіздері
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Аспап жасау
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Техникалық физика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік құпияларға рұқсаттамаға ресімдеуге жататын қызметкерлер лауазымдарының номенклатурасын әзірлеуге және тиісті органдармен келісуге қатысу; құпия тасымалдаушылар қатарынан шетелге қызметтік іссапарларға жіберілетін адамдарға нұсқама жүргізу, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуге қатысу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінде құпиялылық режимінің сақталуына тексеру жүргізуге қатысу; құпия хат-хабарды қабылдауды және жөнелтуді жүзеге асыру; құпия құжаттарды орындаушыларға беру.; Комитет бойынша құпия істер номенклатурасын әзірлеу және ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатымен келісу; құпия құжаттардың бар болуына жартыжылдық және жылдық тексеру жүргізуге қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпарат жобаларын дайындау; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және дайындауға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.06.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.06.2022 – 16.06.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.06.2022

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

749138