ҚР СИМ ТҚҚК Алматы қ. тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы, 1 бірлік
ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
Алматы қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Биотехнология
- Ақпараттық жүйелер
- Электр энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды камтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру; тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша басшылыққа ұсыныстар әзірлеуге қатысу; заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын өз құзыреті шегінде әзірлеу және қарау; материалдардың талдау жобаларын, анықтамаларын, есептерін, Комитет алқасының шешімдерін өз құзыреті шегінде дайындауға қатысу; Комитеттің ведомствалық бағынысты мекемелеріне өз құзыреті шегінде әдістемелік және кеңестік көмек көрсету; Комитеттің ведомствалық бағынысты органдары мен мекемелерінің жұмысының жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерін өткізуге қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шешімдердің жобаларын қарау және дайындау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.11.2021
- онлайн
-
Сабыржанова Рауан Хозыевна
8 775 164 55 76