ҚР Сауда және интеграция министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Нормативтік құқықтық деректер базасымен жұмыс істей білу. Компьютерде жұмыс істей білу.
Функционалды міндеттер
Шарттар бойынша қорытындылар дайындау, азаматтардың шағымдарын, оның ішінде Министрліктің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарын қарау. Басшылыққа қол қоюға ұсынылатын Министрлік бұйрықтарының жобаларына сараптама жүргізу. Заң актілерінде көзделген жағдайларда Министрліктің атынан өз құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау. Талап арыздарды, талап арыздарға пікірлерді, апелляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдарын дайындау және беру. Сотта өкілдік ету. Шағым-талап жұмысы туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында Министрліктің талап-арыз өндірісі бойынша тіркелімдерді жүргізу. Басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.05.2021
- онлайн
-
Сабыржанова Рауан Хозыевна
8775164 55 76