Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Биотехнология
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Мұнай газ ісі
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Аспап жасау
  • Техникалық физика
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Қосымша талаптар

  1. Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті орган бекіткен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттіліктерінің болуы.
  2. Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен айқындалатын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
  3. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерін, «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi.  

4. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау, техникалық регламенттерде белгiленген талаптарды сақтау үшін бақылау жүргізу жөніндегі, сондай-ақ сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау үшін бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлiк және басқа да өнiмдердi іске асыру жөнiндегi жұмыстарды бақылау. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары шеңберінде ескерту-алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу. Комитеттің аумақтық департаменттерінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша жұмысын мониторингілеу. Комитет басшылығының нормативтік құқықтық актілерін және тапсырмаларын уақтылы орындау үшін бақылау жасау. Мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша хаттар, шағымдар, өтініштер мен арыздарды уақытында қарау. Аумақтық департаменттермен семинар-кеңестер ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.04.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.04.2021 – 07.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.04.2021

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

Сабыржанова Рауан Хозыевна

8 775 164 55 76