ҚР СИМ Сыртқы сауда қызметі департаменті Қорғау шаралары басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (4 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Бизнес және басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқық (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндетіні орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу.

Функционалды міндеттер

Қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын шараларды қолдану мәселелері жөнінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және өткізу бойынша ұсыныстарды өңдеу. Сыртқы нарықта қазақстандық тауарлардың қолжетімділігін шектейтін сауда шараларын үшінші елмен бастамашылық ету және қолдану кезінде пайда болатын сыртқы сауда келіспеушіліктерді реттеу бойынша ұсыныстарды өңдеу

Қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын ұлттық деңгейде қолдану саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану бойынша Халықаралық келісімдерді әзірлеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.03.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.03.2021 – 25.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

31.03.2021

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

Сейтканова Сауле Амантаевна телефон для справок  сот 8-707-730-30-42