ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Сәйкестікті бағалау және аккредиттеу басқармасының сарапшысы, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің 01.04.2021 ж. дейінгі бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқық
- Физика
- Информатика
- Химия
- Биология
- Экономика
- Механика
- Экология
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Биотехнология
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Мұнай газ ісі
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Машина жасау
- Аспап жасау
- Техникалық физика
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Құрылыс
Қосымша талаптар
- Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті орган бекіткен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттіліктерінің болуы.
- Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен айқындалатын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
- Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерін, «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi.
- Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру:
- сәйкестікті бағалау және аккредиттеу жүйесін жетілдіру;
- сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қарау.
Сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласындағы саясатты насихаттау. Экономикалық жоспарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға, Басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік қаржыны негіздеуге қатысу. Нормативтік құқықтық актілердің, Комитет басшылығының тапсырмалары мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 14.12.2020
- онлайн
-
Сейтканова Сауле Амантаевна
8 707 730 3042