Экспортты ілгерілету департаменті Таяу шетелдерде экспортты ілгерілету басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Логистика (сала бойынша)
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; өз құзыреті шегінде таяу шетелдерде шикізаттық емес экспортты дамыту мен ілгерілетуді жүзеге асыру; таяу шетелдерде шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша салалық мемлекеттік
органдармен өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, таяу шетелдерде
шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлеу және бекіту; таяу шетелдерде шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру; Азия мен Таяу Шығыс елдерін қоса алғанда, сыртқы нарықта қазақстандық тауарлар мен қызметін табысты ілгерілету үшін аса маңызды боп табылатын шығыс елдерінің экономикалық және сауда ерекшеліктерін зерделеу. Экспорттық әлеуетті талдауды зерттеу және Шығыс нарықтарын жылжыту стартегиясын әзірлеу. Мемлекет басшысының, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, экспортты ілгерілету мәселелерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың сараптамалық және жұмыс топтарына қатысу; Департамент басшылығына басқарманың міндеттерін, оның қызметін орындауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар мен ақпарат енгізу; басқарманың құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.05.2026 – 01.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

03.06.2026

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-91-38