Сыртқы сауда қызметі департаменті Сауда келіссөздері басқармасының басшысы, C-3 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысына жалпы басшылық ету. Сыртқы сауданы дамыту мәселелері жөнінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру. Мемлекеттің сыртқы сауда режимін талдау. Сыртқы сауданы дамыту саласында мемлекеттік саясатты құру және жетілдіру және сыртқы сауданы дамыту саласында басымдықтарды анықтау бойынша ұсыныстарды өңдеуге қатысу. Үшінші елдермен преференциалдық және еркін сауда туралы сауда келісімдерін әзірлеуге қатысу. Үшінші елдерге қатысты сыртқы сауда саясатының негізгі бағыттары бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясымен өзара іс-қимыл жасау. Басшылықтың тапсырмасы бойынша халықаралық сауда ұйымдарымен, өңірлік бірлестіктермен және т.б. ведомствоаралық комиссиялардың (жұмыс топтарының) жұмысындағы келіссөздерге қатысу; кедендік-тарифтік реттеу бөлігінде сыртқы сауда режимін өзгерту бойынша Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің ұсыныстарын қарастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.sagieva@mti.gov.kz
- 29.05.2026
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8 (7172) 74-91-38