Заң қызметі департаменті Құқықтық сараптама басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің 2026 жылғы 13 қазанға дейінгі бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне), санаты C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

383255

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысу және Министрліктің лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысына қатысады және қатысуды қамтамасыз етеді. Консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына құжаттарды дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және шағымдарын қарайды. Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылауды жүзеге асыру. Министрліктің реттелетін салаларындағы даму бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлеу кезінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді. Басқарма қызметкерлерінің министрлік пен Департамент басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын тиісінше орындауын қамтамасыз ету. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне қатысы бар заңнама туралы ақпараттық материалдар дайындауды қамтамасыз ету, оларды зерделеуді ұйымдастыру. Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің тізілімін құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді. Министрлік қызметінің мәселелері бойынша құқықтық актілерге түсіндірме беруді ұйымдастырады. Құқықтық мониторинг жүргізу кестесін жыл сайын бекіту бойынша жұмысты ұйымдастырады және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметіне, оның ішінде құқықтық актілердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша әділет органдарының ескертулеріне талдау жасауды ұйымдастырады және оның қортындылары бойынша ақпарат береді. Министрлікпен әзірлеген және қабылдаған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелі есепке алу және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Министрлік жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің тоқсан сайынғы отырыстарын өткізуді ұйымдастырады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарын бекіту және өзектендіру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес қорытынды ақпараттың «Е- заңнама» ақпараттық жүйесінде уақтылы және сапалы орналастырылуын қамтамасыз етеді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сауда қызметін реттеу, техникалық реттеу және метрология салаларында нормативтік құқықтық актілердің (Президенттің нормативтік құқықтық жарлықтары, Үкіметтің нормативтік құқықтық қаулылары, министрдің нормативтік құқықтық бұйрықтары) жобаларын құқықтық мониторинг жүргізу қорытындылары бойынша әзірлеу. Нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА), халықаралық шарттардың, сондай-ақ мемлекеттік орган әзірлейтін заң сипатындағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге және құқықтық сүйемелдеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады. Әзірленетін НҚА жобалары мен басқа да құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына негізделген ескертулер мен ұсынымдар береді. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен, Қазақстан Республикасының Парламентінен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түсетін құжаттарды қарайды және уақтылы орындайды. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2026 – 18.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

20.05.2026

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-91-38