Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Бақылау және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды камтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру; заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын өз құзыреті шегінде әзірлеу және қарау; материалдардың талдау жобаларын,
анықтамаларын, есептерін, Комитет алқасының шешімдерін өз құзыреті шегінде дайындау; өз құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты мекемелеріне әдістемелік және кеңестік көмек көрсету; Комитеттің ведомстволық бағынысты органдары мен мекемелерінің жұмысының жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерін өткізуге қатысу; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс- әрекеттерді жасау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шешімдердің жобаларын қарау және дайындау; жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге талдау және мониторинг жүргізу; өтінштерді қарау барысында, сапалы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың технологиясын зерттеу, олардың тұтыну қасиеттерін айқындау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шешімдердің жобаларын қарау және дайындау; өтінштерді қарау барысында, сапалы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың технологиясын зерттеу, олардың тұтыну қасиеттерін айқындау; Тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша Комитеттің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалу қызметін үйлестіру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.sagieva@mti.gov.kz
- 14.05.2026
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8 (7172) 74-91-38