Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысын жалпы басқару, үйлестіру, жоспарлау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастыру. Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау мәселелеріне байланысты заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне байланысты заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар қабылдау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктермен, ассоциацияларымен (одақтарымен) өзара іс-әрекеттері бойынша шараларды ұйымдастыру. Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және қарау. Жобаларын, анықтамаларын, есептерін, Комитет алқасының шешімдерін өз құзыреті шегінде дайындау; Комитеттің  ведомствалық бағынысты органдары мен мекемелерінің жұмысының жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерін өткізуге қатысу. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-әрекеттерді жасау. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.05.2026 – 06.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

11.05.2026

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-91-38