Сауда саясаты және стратегиялық жоспарлау департаменті Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
Функционалды міндеттер
Басқарманың қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ресми өтініштерді, хабарламаларды, пресс-релиздерді және басқа да ақпараттық материалдарды дайындау және тарату жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру; министрдің халықпен, қоғамдық бірлестіктермен және бизнестің салалық қауымдастықтарымен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, комитеттерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен олардың қызметін жариялау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; баспасөз турларын ұйымдастыру; экономикалық интеграция және сыртқы сауда қызметі жөніндегі бағытты ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және үйлестіру; Министрліктің ұлттық жобаларды іске асыруын ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және үйлестіру; шекара маңы саудасы жөніндегі бағытты ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және үйлестіру (халықаралық хабтар салу, «Қорғас» ХШЫО және т. б.); экспортты ілгерілету жөніндегі бағытты ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және үйлестіру; ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және үйлестіру сауда-экономикалық іс-шараларды өткізу; министрліктің (Facebook) әлеуметтік беттерін дамыту бойынша жұмысты жүргізу, ұйымдастыру. Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің хатшысы болып табылады, НҚА жобаларын қарауды ұйымдастырумен айналысады, Кеңес қызметіне ақпараттық сүйемелдеу жүргізеді, Министрліктің қызметін жақсарту мақсатында Кеңестің күн тәртібін қалыптастыруға қатысады. Министрлік, оның ведомстволары және өзге де мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерді келісу бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.sagieva@mti.gov.kz
- 30.04.2026
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8 (7172) 74-91-38