Ішкі сауданы дамыту департаменті Сауда қызметін реттеу басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу; заңнамалық актілердің, көтерме және бөлшек сауданы дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің (ішкі сауда ережесі), биржалық сауданың, халықаралық тәжірибені зерттеу немесе қолданыстағы заңнаманы талдау нәтижелеріне негізделген сауда нарықтарының қызметінің жобаларын дайындауды жоспарлау; Қазақстан Республикасының көтерме және бөлшек сауданы дамыту мәселелері жөніндегі заңнамасын (Ішкі сауда ережесі), биржалық сауданы, сауда нарықтарының қызметін жетілдіру; ішкі сауда саласында мемлекеттік Сауда саясатын қалыптастыру; сауда қызметін дамыту бойынша ұсыныстар, сондай-ақ кооперативтердің сауда және франчайзинг саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; ішкі сауда бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді; сауда инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді; Министрлік және өзге де мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу; Министрліктің өзге де құрылымдық бөлімшелері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі; басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекітуге қатысу; басқармаға жүктелген функциялар шеңберінде мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Министрдің, Министрлік Аппараты басшысының аппараттық кеңестерін өткізуге арналған материалдарды дайындауға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.04.2026 – 06.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

08.04.2026

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-91-38