Р Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, C-O-1 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

C-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

611 721

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, E-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Департаменттің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Техникалық реттеу және метрология саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша басшылықты жүзеге асыру. Мемлекеттік бақылау қызметінің негізгі бағыттары бойынша департаменттің жұмысын бағалауды талдау. Техникалық реттеу және метрология саласында міндетті талаптардың
сақталуына мемлекеттік бақылауды жоспарлау. Әкімшілік істерді қарау. Техникалық реттеу және метрология саласында нормативтік құқықтық
актілерді, Комитет қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысу. Тиісті қаржы жылына бюджетті қалыптастыруға қатысу және бюджет қаражатының ағымдағы игерілуін бақылау. Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу, шарттық міндеттердің орындалуына бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.03.2026 – 16.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

18.03.2026

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-91-38