Ішкі сауданы дамыту департаменті Электрондық сауда басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
383255
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Электрондық сауда саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысу; министрлікті цифрландыру жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысына қатысу; Басқарма қызметкерлерінің Департамент басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын тиісінше орындауын қамтамасыз ету; Министрліктің ақпараттық жүйелерін құруға және модификациялауға арналған техникалық тапсырмалар мен ерекшеліктерді әзірлеу және келісу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; электрондық сауда саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; электрондық сауда саласындағы халықаралық ұйымдар, екіжақты және көпжақты форматтар шеңберінде ынтымақтастық іс-шараларын іске асыруға қатысу; Департамент құзыреті шегінде электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаларды жүргізуде үйлестіру; Қазақстан Республикасында электрондық сауда саласындағы үздік тәжірибелерді дамытуға және енгізуге жәрдемдесу; Қазақстан Республикасында электрондық сауда саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; ЕАЭО шеңберінде электрондық сауда саласында пилоттық жобаларды жүргізуге қатысу; ЕАЭО шеңберінде электрондық сауда саласында пилоттық жобаларды жүргізуге қатысу; сауда процестерін цифрландыруды үйлестіруді жүзеге асыру; Министрлік және басқа да мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу; Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу; Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бекітуге қатысу; жетекшілік ететін салалар бойынша статистикалық мәліметтерді дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.sagieva@mti.gov.kz
- 06.03.2026
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8 (7172) 74-91-38