Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төраға орынбасары, C-1 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
824 323
Жалпы біліктілік талаптары
С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3 (басшылық лауазымдар), C-2,
C-O-1, D-2 (басшылық лауазымдар), D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру; тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында, ақпараттық-ағарту жұмысы саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек көрсету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу; тұтынушылардың шағымдарын талдау және мемлекеттік саясаттың тұтынушыларды қорғау мәселелері жөніндегі органдар; реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыру және өз құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу; тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; Еуразиялық экономикалық одақтың, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының консультативтік-кеңесші органдарының жұмысына тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қатысу; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қарауға, келісуге, Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға түсініктемелер дайындауға қатысу. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты насихаттау. Комитет төрағасының нормативтік құқықтық актілерінің, тапсырмалары мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылау. Халықаралық ұйымдарда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.sagieva@mti.gov.kz
- 24.12.2025
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8 (7172) 74-91-38