Қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті Бюджеттік саясат басқармасының басшысы, C-3 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқармаға жалпы басшылық жасау; Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға республикалық бюджет жобасын,  Министрліктің үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімін және
ағымдағы қаржы жылының бюджетін нақтылау, түзету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді және ұсынуды ұйымдастыру; заң жобаларын, Ұлттық жобаларды, заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысу, нормалар бөлігінде мемлекеттік бюджеттің кіріс және (немесе) шығыс бөлігін ұлғайту; Мемлекеттік органға жүктелген миссияны, стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды іске асыру шеңберінде Жобалау қызметіне (жобалау басқармасы) қатысу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру, сондай-ақ өзгерістер толықтырулар енгізу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Парламентінде, Сенатында және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебін жыл сайын тыңдауға материалдар дайындау бойынша жұмыстар жүргізу; бюджеттік инвестициялық жобалардың қалыптастыруға, сондай-ақ Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг пен бағалау жүргізуге қатысу; Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Министрлік әзірлейтін заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу; әзірлеушісі Департамент болып табылатын актілерге қатысты құқықтық мониторинг қатысты шарттардың белгіленген тәртіппен енгізілгендерді ескере отырып, министрліктің бюджеттік өтінімдеріне, даму жоспарына және қаржыландыру жоспарларына сәйкестігіне тексеру жүргізу өзгерістер мен толықтырулар енгізу; Департаменттің құзыреті шегінде заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.11.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.11.2025 – 25.11.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

27.11.2025

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-91-38