Экспортты ілгерілету департаменті директорының орынбасары, C-2 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

611721

Жалпы біліктілік талаптары

   С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Логистика (сала бойынша)
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Экспортты ілгерілету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қарауға қатысу. Министрлік басшылығына Қазақстан Республикасында экспортты ілгерілету бойынша қажетті ақпараттармен өзге де материалдармен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында экспортты ілгерілету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық компанияларды тарта отырып, отандық өңделген тауарларды, қызметтерді ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне сервистік қолдау шараларын беруді және олардың шығындарының бөлігін өтеуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты бақылау және үйлестіру. Министрліктің басшылығына экспорттық қызметін дамыту және ілгерілету, өңделген тауарлардың, қызметтердің экспортын дамытуға арналған қолайлы жағдайларды қалыптастыру және қазақстандық тауарлардың, қызметтердің сыртқы нарықтарда танылуын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасы экспорттық қызметіне мониторинг және талдау жүргізуді қамтамасыз ету Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Министрлік басшылығы жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Үкіметтің тапсырмаларының, сондай-ақ Басқарма құзыретіне кіретін экспортты ілгерілету мәселелері бойынша департамент басшылығының жазбаша және ауызша тапсырмаларының сапалы және уақтылы орындалуын бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.05.2025 – 15.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

19.05.2025

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-91-38