Заң қызметі департаменті Құқықтық сараптама басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің 2026 жылғы 11 сәуірге дейінгі бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне), санаты C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау және үйлестіру, Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық бұйрықтардың жобаларын әзірлеу мен сараптауды ұйымдастыру және қатысу, нормативтік құқықтық бұйрықтарды әзірлеу бойынша жұмыс топтарына қатысу. Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық бұйрықтардың жобаларын құқықтық сүйемелдеу, басқарма қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.03.2025 – 05.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

07.03.2025

Сұхбаттасу орны

ZOOM арқылы онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-91-38