Сауда комитетінің Мемлекеттік қолдау көрсету басқармасының басшысы, C-3 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
379198
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Көтерме және бөлшек сауда мәселелері бойынша ішкі сауда саласындағы мемлекеттік сауда саясатын қалыптастыруға қатысу; Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік қолдау құралдары арқылы ішкі сауданы дамытуды ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; сауда саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; техникалық ерекшелікті дайындау және қаржы агенттігімен шарт жасасуды қамтамасыз ету; мемлекеттік қолдау шараларын жобалардың мониторингі; қаржы агенттігімен көрсетілген қызметтер шартының орындалуы бойынша есепті қарау және қабылдауды қамтамасыз ету; Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің Кеңсесі жанындағы Ұлттық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі офис бақылайтын жобалық басқару бөлігіндегі қызметті үйлестіру; Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік- құқықтық актілерді әзірлеу мен бекітуде қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу; Комитет, Министрлік басшылығын Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына материалдар дайындауға қатысу. Сауда, сауда қызметі мен процестеріне, сауда субъектілерінің қызметіне, тауарлар мен қызметтерге баға белгілеуге байланысту ұйымдардағы жұмыс. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша статистикалық деректерді, аналитикалық-ақпараттық ресурстардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың деректерін, материалдарды, халықаралық тәжірибені жинақтау және талдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 08.11.2024
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38