Құжаттамалық қамтамасыз ету және қоғаммен байланыс департаменті қоғаммен байланыс басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 2025 жылғы 15 ақпанға дейінгі бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне),C-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Шетел филиологиясы
- Әлеуметтану
- Журналистика
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында Министрліктің электрондық ақпараттық ресурсын жүргізу,дамыту" (МО ЕПИР), сондай-ақ Басқарма құзыреті шеңберінде контентті орналастыру; Министрліктің кездесулері мен халықаралық іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеуді үйлестіру; халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бағытты ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және үйлестіру; техникалық реттеу және метрология бағыты бойынша ақпараттық жұмысты үйлестіру; Министрдің халықпен және бизнес өкілдерімен кездесулерін жариялау ("Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде және т. б.); ОКҚ алаңында Министрлік басшылығының брифингтері мен баспасөз конференцияларын құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; Министрліктің қызметін жариялау мәселелері бойынша теле-радио хабарларын және бағдарламаларды ұйымдастыру үшін БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, ақпарат алуда телеарналар мен журналистерге олардың сұраныстарына сәйкес фото-, аудио - және бейнетүсірілім жүргізу бойынша жәрдемдесу; Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Стратегиялық жоспар көрсеткіштерінің орындалуы бойынша есептер дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат жинағын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 21.10.2024
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38