Сауда комитеті Мемлекеттік қолдау көрсету басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқармаға жүктелген функциялар шеңберінде мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекітуге қатысу; Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік қолдау құралдары арқылы ішкі сауданы дамытуды ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; сауда саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ішкі сауда субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге қаражат бөлуге бюджеттік өтінімді қалыптастыру; техникалық ерекшелікті дайындау және қаржы агенттігімен шарт жасасуды қамтамасыз ету; мемлекеттік қолдау шараларын алған жобалардың мониторингі; қаржы агенттігімен көрсетілген қызметтер шартының орындалуы бойынша есепті қарау және қабылдауды қамтамасыз ету; Министрліктің жобалық кеңсесінің жұмысына қатысу; Премьер-Министрдің, Премьер-Министрдің орынбасарларының және Министрлік және Комитет басшылығының Қазақстан өңірлерге сапарларына материалдар дайындауға қатысу. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша статистикалық деректерді, аналитикалық-ақпараттық ресурстардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың деректерін, материалдарды, халықаралық тәжірибені жинақтау және талдау. Сауда, сауда қызметі мен процестеріне, сауда субъектілерінің қызметіне, тауарлар мен қызметтерге баға белгілеуге байланысты ұйымдардағы жұмыс.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 09.09.2024
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38