Экспортты ілгерілету департаменті Алыс шетелдерде экспортты ілгерілету басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің 2027 жылдың 31 шілдеге дейінгі іссапары мерзіміне), санаты C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

379198

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Логистика (сала бойынша)
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; өз құзыреті шегінде алыс шетелдерде шикізаттық емес экспортты дамыту мен ілгерілетуді жүзеге асыру; алыс шетелдерде шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша салалық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, алыс шетелдерде шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлеу және бекіту; алыс шетелдерде шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру; Мемлекет басшысының, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; экспортты ілгерілету мәселелерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардыңсараптамалық және жұмыс топтарына қатысу; Департамент басшылығына басқарманың міндеттерін, оның қызметін орындауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар мен ақпарат енгізу; басқарманың құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.08.2024 – 22.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

26.08.2024

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38