Электрондық және биржалық сауда департаменті Электрондық және биржалық сауда басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша 2027 жылғы 6 мамырға дейінгі демалысы мерзіміне), санаты C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Электрондық және биржалық сауда саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысу; министрлікті цифрландыру жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысына қатысу; Басқарма қызметкерлерінің Департамент басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын тиісінше орындауын қамтамасыз ету; Министрліктің ақпараттық жүйелерін құруға және модификациялауға арналған техникалық тапсырмалар мен ерекшеліктерді әзірлеу және келісу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; электрондық және биржалық сауда\ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; электрондық және биржалық сауда саласындағы халықаралық ұйымдар, екіжақты және көпжақты форматтар шеңберінде ынтымақтастық іс-шараларын іске асыруға қатысу; Департамент құзыреті шегінде электрондық және биржалық сауда саласындағы пилоттық жобаларды жүргізуде үйлестіру; Қазақстан Республикасында электрондық және биржалық сауда саласындағы үздік тәжірибелерді дамытуға және енгізуге жәрдемдесу; Қазақстан Республикасында электрондық және биржалық сауда саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; ЕАЭО шеңберінде электрондық және биржалық сауда саласында пилоттық жобаларды жүргізуге қатысу; ЕАЭО шеңберінде электрондық және биржалық сауда саласында пилоттық жобаларды жүргізуге қатысу; сауда процестерін цифрландыруды үйлестіруді жүзеге асыру; Министрлік және басқа да мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу; Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу; Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бекітуге қатысу; жетекшілік ететін салалар бойынша статистикалық мәліметтерді дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 22.08.2024
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38