Сыртқы сауда қызметі департаменті Сауда келіссөздері басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 2025 жылғы 28 мамырға дейінгі іссапары мерзіміне), C-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Сыртқы сауданы дамыту мәселелері жөнінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және өткізу бойынша ұсыныстарды өңдеуге қатысу. Мемлекеттің сыртқы сауда режимін талдау. Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын, Меморандумын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін қолданбалы зерттеулер өткізу үшін мемлекеттік сатып алу жоспарын, техникалық тапсырмаларды және спецификацияларды дайындауға және қолданбалы зерттеулерді орындау бойынша есептерді қабылдауға қатысу. Үшінші елдермен преференциалдық және еркін сауда туралы сауда келісімдерін әзірлеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Халықаралық ұйымдар мен Шығыс-Азия және АТР өңірлер шеңберінде сыртқы сауда саласында екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалы материалдар мен баяндамаларды дайындау. Сыртқы сауданы жетілдіру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтіншітері мен ұсыныстарын қарау. Басқарма істер номенклатурасын жасау, құжаттарды есепке алу және сақтау, Министерлік мұрағатына оларды сақтауға бергенге дейін жағдайын және сақталуын бақылау; кедендіктарифтік реттеу бөлігінде сыртқы сауда режимін өзгерту бойынша Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің ұсыныстарын қарастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 22.08.2024
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38