Заң қызметі департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

241078

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Шарттар бойынша қорытындылар дайындау, азаматтардың шағымдарын, оның ішінде Министрліктің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарын қарау. Басшылыққа қол қоюға ұсынылатын Министрлік бұйрықтарының жобаларына сараптама жүргізу. Заң актілерінде көзделген жағдайларда Министрліктің атынан өз құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау. Талап арыздарды, талап арыздарға пікірлерді, апелляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдарын дайындау және беру. Сотта өкілдік ету. Шағым-талап жұмысы туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында Министрліктің талап-арыз өндірісі бойынша тіркелімдерді жүргізу. Басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.08.2024 – 20.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

22.08.2024

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38