Экспортты ілгерілету департаменті Таяу шетелдерде экспортты ілгерілету басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Логистика (сала бойынша)
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; өз құзыреті шегінде таяу шетелдерде шикізаттық емес экспортты дамыту мен ілгерілетуді жүзеге асыру; таяу шетелдерде шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша салалық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, таяу шетелдерде шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлеу және бекіту; сервистік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі жұмыстарды; таяу шетелдерде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерін ілгерілетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ету; өңделген тауарлардың, қызметтердің экспорттаушыларын ұлғайту және экспорттаушыларды экспорттауды ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу; отандық экспорттаушылар үшін халықаралық бизнес-іс-шараларды ұйымдастыру шеңберінде келіссөздер жұмыстарын жүргізу (сауда-экономикалық миссиялар, ұлттық стендтер); таяу шетелдерде жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеу; шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері бойынша отандық экспорттаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу; шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәселелерді қарау кезінде мемлекеттік органдардың сараптамалық және жұмыс топтарына қатысу; Мемлекет басшысының, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмаларын уақтылы орындауды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз ету; Министрлік басшылығының халықаралық іс-шараларға қатысуы үшін құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындауды қамтамасыз ету; басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 20.08.2024
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38