Сауда комитеті Сауда саясаты басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқармаға жүктелген функциялар шеңберінде мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бекітуге қатысу; Басқарма құзыреті шегінде мақсаттар, индикаторлар мен көрсеткіштер картасын әзірлеуге, келісуге және бекітуге қатысу; Министрліктің жобалық кеңсесінің жұмысына қатысу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері жұмысының сапасы мен тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері бойынша Комитет басшылығына ұсыныстар енгізу; Ішкі сауданы реттеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және зерттеу үшін халықаралық және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. "Қазтрейд" АҚ өзара іс-қимыл, маусымаралық кезеңдерде ішкі нарықты импорттық өніммен қанықтыру жөніндегі жұмысты үйлестіру. Жетекшілік ететін бағыты бойынша статистикалық деректерді жинақтайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 28.06.2024
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38