Қоғаммен байланыс басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 2025 жылғы 15 ақпанға дейінегі бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне), санаты C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Журналистика
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарманың тиімді жұмысын қамтамасыз ету. Министрлік туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты үйлестіру. Министрліктің медиа-жоспарын қалыптастыру және бекіту. Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының өңірге шығуын ұйымдастыру. Бұқаралы ақпарат құралдарында орналастыру үшін жиынтық-талдау метариалдарын, министрлік басшылығының халықаралық сауда-экономикалық кездесулері бойынша ақпарат дайындау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттық саясат тұжырымдамасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлетіру. Басқарманың Министрлік басшылығының тапсырмаларын тиімді және уақытылы орындауын қамтамасыз ету. Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 29.05.2024
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38