Сауда саясаты және стратегиялық жоспарлау департаменті Стратегиялық жоспарлау және талдау басқармасының басшысы, С-3 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
379198
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Департамент құзыреті шегінде Министрліктің қызметін талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Министрліктің алға қойған миссиясына сәйкес жинау, бағалау және талдау үшін талдамалық жұмыстар жүргізу; Министр және жетекшілік ететін вице-министр қызметін талдамалық және ақпараттық қамтамасыз етуді орындау; Министрліктің талдамалық жұмысын үйлестіру және талдау саласындағы салалық институттармен өзара іс-қимыл жасау; Министрлік сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде бағдарламалық және үкіметтік құжаттарды іске асыру жөніндегі ақпаратты дайындауды және қалыптастыруды жүзеге асыру; Министр мен жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларына сәйкес баяндамалар, талдамалық жазбалар мен ақпараттарды мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындауды қамтамасыз ету; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері жұмысының сапасы мен тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу; Министрліктің алқаларын, кеңестерін ұйымдастыруды, оның ішінде материалдарды дайындауды және іске қосылған құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарды үйлестіруді жүргізу; Министрдің аппараттық кеңестерін ұйымдастыруды, оның ішінде материалдарды дайындауды, мәселелерді күн тәртібіне шығаруды және іске қосылған құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарды үйлестіруді жүргізу; Министрліктің ұлттық жобаларын іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Офис бақылайтын жобалық басқару бөлігіндегі қызметін үйлестіру; жобалық тәсіл арқылы ұсыныстар әзірлеу және стратегиялық міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету; базалық бағыттарды, жобалар топтарын, жобаларды, индикаторлар мен көрсеткіштерді әзірлеу, келісу және бекіту; Министрліктің Жобалау кеңсесі жұмысының, оның ішінде құжаттаманың, есептіліктің жұмыс атқаруын және қажетті ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде БАҚ-та орналастыруды қамтамасыз ету; жобаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жобалау топтарына әдіснамалық және консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырады; Министрліктің стратегиялық мақсаттарына, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу; Министрлікте жобалық басқаруды енгізу шеңберінде консультативтік - кеңесші органдардың, оның ішінде жобалық басқару мәселелері бойынша жобалық топтардың отырыстарын өткізу жөніндегі қызметін қамтамасыз ету; іске асырылатын жобалардың үйлестірушісі ретінде жобалау топтарына қатысу; Министрліктің жобаларын іске асыру барысы туралы Министрлік басшылығы мен Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы Жобалау кеңсесінің ақпараттық-талдамалық және есептік ақпаратпен қамтамасыз ету; Бюджеттік Кодекстің талаптарына сәйкес құзыреті шегінде бюджеттік өтінімдерді, оның ішінде негіздемелерді, есептерді жіберу; сауда саласының негізгі көрсеткіштерін болжауға және көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатының қажеттілігін есептеуге қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 13.02.2024
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38