Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Бақылау және үйлестіру басқармасы басшысы, С-3 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

379198

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысын жалпы басқару, үйлестіру, жоспарлау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастыру. Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар қабылдау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктермен, ассоциациялармен (одақтармен) өзара іс-әрекеттері бойынша шараларды ұйымдастыру; тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша Комитеттің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау; заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және қарау. Материалдардың талдау жобаларын, анықтамаларын, есептерін, Комитет алқасының шешімдерін өз құзыреті шегінде дайындау; Комитеттің ведомствалық бағынысты органдары мен мекемелерінің жұмысының жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерін өткізуге қатысу. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-әрекеттерді жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру, талдау, мониторингілеу және бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.01.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.01.2024 – 25.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

29.01.2024

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38