Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, C-O-2 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Қарағанды облысы
379198
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Бизнес және басқару
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Департамент қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Сауда инфрақұрылымын, сауда қызметін дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша басшылықты жүзеге асыру. Мемлекеттік бақылау қызметінің негізгі бағыттары бойынша департамент жұмысын бағалауды талдау. Сауда қызметі саласындағы міндетті талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жоспарлау. Әкімшілік істерді қарау. Сауда инфрақұрылымын, сауда қызметін дамыту, және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің жұмысын бағалауды талдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тұтынушыларды ақпараттандыруды, консультация беруді және түсіндіруді жүзеге асыру. Комитет қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысу. Тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыруға қатысу және бюджет қаражатының ағымдағы игерілуін бақылау. Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу, шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 09.01.2024
- пр. Мәңгілік ел 8, 1 подъезд (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38