Техникалық реттеу және метрология комитетінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
260615
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Бизнес және басқару
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Аспап жасау
- Техникалық физика
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау:
1) Комитет қызметінің процестерін, Комитеттің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық архитектурасын цифрландыру;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау;
4) Комитеттің ақпараттық жүйелерін енгізу және сүйемелдеу;
5) Қазақстан Республикасында техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат құжаттарын беру.
6) Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және рұқсат беру құжаттарын беру;
7) көрсетілген мемлекеттік қызметтер мен рұқсат беру құжаттарының мониторингі;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бөлігінде «Е-лицензиялау «Мемлекеттік Деректер қоры» ақпараттық жүйесі бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын техникалық талаптардың ерекшеліктерін әзірлеу;
9) мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат құжаттарын беру мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру.
10) Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қарау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 11.12.2023
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38