Главный эксперт управления документооборота и контроля, Департамента документационного обеспечения и контроля, категория C-4 (1 единица)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Саясаттану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Министрлікке келіп түсетін қызметтік хатхабарларды қабылдау; электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің дерекқорында құжаттарды тіркеу және есепке алуды жүргізу; ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінен, ҚР Парламентінен, министрліктер мен ведомстволардан кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің кіріс хат-хабарларын таратуды және уақтылы алуын бақылауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімдік құжаттарды қабылдау үшін басқарма қызметкерлерінің кезекшілік кестесін жасау; ақпараттық талдамалық материалдарды дайындауға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарына тексеру жүргізуге қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және дайындауға қатысу; "ҚБП" белгісімен кіріс және шығыс құжаттарды тіркеуді жүзеге асыру; ИПГО арқылы келісуге келіп түскен НҚА тіркеу; кіріс хат-хабарларды таратуды есепке алу журналдарының жүргізілуін бақылау; Министрліктің электрондық мекенжайына келіп түскен хат-хабарларды тіркеу үшін қабылдау; құрылымдық бөлімшелерге бланкілер беруді жүзеге асыру және жоюға актілер дайындау, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттар жобаларын; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттар жобаларын дайындау; мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; министрлікте мемлекеттік тілді дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау кезінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету; Министрлік қызметінің салаларында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру кезінде әдістемелік көмек көрсету; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де өкілеттіктерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.10.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.10.2023 – 27.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

31.10.2023

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38