Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және тілдерді дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Іс жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Тілдерді қолдану және дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын білу.
Функционалды міндеттер
Министрлікке келіп түсетін қызметтік хат-хабарларды қабылдау; Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің Деректер базасында құжаттарды тіркеу және есебін жүргізу; ҚР Президентінің Әкімшілігінен, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен, ҚР Парламентінен, министрліктер мен ведомстволардан кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу; заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін, қағаз және электрондық форматта, соның ішінде ЭҮП арқылы келіп түскен және жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қайта жіберілген өтініштерді қабылдау және тіркеу, «Е-лицензиялауда» жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өтінімдерді қабылдау, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің кіріс хат-хабарларын уақтылы алуын бақылау және таратылуын қамтамасыз ету; құжат айналымы бойынша есеп жасау; шұғыл құжаттарды қабылдау үшін Басқарма қызметкерлерінің кезекшілік кестесін құру; ақпараттық талдамалық материалдарды дайындауға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының мәселелері бойынша тексерулер өткізуге қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді дайындауға және әзірлеуге қатысу; «ҚПҮ» грифімен берілген кіріс және шығыс құжаттарын тіркеуді жүзеге асыру; МОИП арқылы келісуге келіп түскен НҚА тіркеу; кіріс хат-хабарларды таратуды есепке алу журналдарының жүргізілуін бақылау; тіркеу үшін Министрліктің электрондық мекенжайына келіп түскен хатхабарларды қабылдау; құрылымдық бөлімшелерге бланкілерді беруді жүзеге асыру және жою актілерін дайындау, Министрлік басшылығының азаматтарды жеке мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар қабылдау кестесін жасау және қабылдау нәтижелері бойынша есептер құру, интернет-ресурстар арқылы онлайн және бейнеөтініштерді тіркеу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпарат жобалары; мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Министрлікте мемлекеттік тілді дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарына мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау кезінде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету; Министрлік қызметінің салаларында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру кезінде әдістемелік көмек көрсету; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 15.09.2023
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38