Министрдің қызметін қамтамасыз ету департаменті Қоғаммен байланыс басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік) (уақытша, бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 2024 жылғы 13 ақпанға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

241078

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Журналистика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер.

Функционалды міндеттер

Ай сайынғы медиа-жоспарларды қалыптастыру, апта сайынғы оқиғалар қатарын қалыптастыру, негізгі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру, техникалық ерекшеліктерді әзірлеу, бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан мемлекеттік орган туралы
жарияланымдар мен материалдардың мониторингін жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдары бойынша ақпараттық деректер
базасын қалыптастыру, журналистік сауалдарға жауап дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарында Министрлік басшылығының
сұхбатына қажетті материалдарды дайындау, Министрлік өткізетін іс-шаралар бойынша анонстарды, баспасөз релиздерін және ақпараттық хабарламаларды дайындау және тарату, журналистерді аккредиттеуді жүргізу, құттықтау және құттықтау сөздерінің
мәтіндерін дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарында тарату үшін анықтамалық материалдарды дайындау, республикалық
ақпараттық-насихаттау топтарының өңірлерге шығуын ұйымдастыру, баспасөз конференцияларын, брифингтерді, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулерді ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік орган өкілдерінің сұхбаттарын, радио және теледидар арқылы сөз сөйлеулерін ұйымдастыру, Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.08.2023 – 24.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

29.08.2023

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38